Текст
07.04.2026




Бүгін біздің мектепте бастауыш сынып оқушылары үшін "Салауатты өмір салты — табысты болашақтың негізі"тақырыбына Бірыңғай денсаулық сабағы өтті.
Сабақ барысында балалар денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің қатысуымен СӨС бойынша бейне сабақты тамашалады. Көргеннен кейін сынып жетекшілері оқушылармен әңгімелесіп, дұрыс тамақтанудың, күн тәртібінің және физикалық белсенділіктің маңыздылығын талқылады.
Іс-шара балаларда салауатты өмір салты мен өз денсаулығына ұқыпты қараудың негіздерін қалыптастыруға бағытталған.