«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Каменка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік.желілер

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты – аспанға бастар жолың!

21.07.2026

Өз өмірін авиациямен байланыстыруды армандайтын талапкерлерді Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты шақырады. Бұл – Орталық Азиядағы авиация саласына мамандар даярлайтын бірегей әскери жоғары оқу орны.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар оқу орнында әскери ұшқыштар, ұшқышсыз авиациялық жүйелердің операторлары, авиациялық техника инженерлері, әскери медицина және радионавигация саласының мамандары даярланады.

Екінші курстан бастап курсанттар жазғы тәжірибеден өтіп, заманауи технологияларды меңгеріп, болашақ мамандығы бойынша нақты тәжірибелік дағдыларға ие болады.

Оқыту 7 мамандық және 14 біліктілік бойынша жүргізіледі. Оқу мерзімі – 4 жыл, ал әскери медицина мамандықтары бойынша – 5 жыл.

Оқу кезеңінде курсанттар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болады: ақшалай үлес алады, әскери киіммен, күніне үш мезгіл тегін тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Құжаттар жыл сайын 15–20 шілде аралығында қабылданады.

Оқуды аяқтаған түлектерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде офицерлік қызметке орналасуға және жұмыспен қамтылуға кепілдік беріледі.

Сенің болашағың осы жерден басталады!

Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты – аспанға бастар жолың!

 

Просмотров: 19


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст