11.09.2026


Бүгін, 4 қыркүйек, «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» ұранымен Қазақстан халықтары Тілдері онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Мерекелік бағдарламаға оқушылар белсенді қатысып, қазақ, орыс, ағылшын, түрік және басқа да тілдерде өлеңдер оқыды, әндер шырқады, сондай-ақ бейбітшілік, татулық және ана тіліне деген сүйіспеншілік туралы ізгі тілектерін білдірді.
Әртүрлі халықтардың тілдері мен мәдениетінің байлығын зор ынтамен паш еткен жас қатысушылардың өнері ерекше әсерлі болды.Тіл онкүндігі тіл мәдениетін, мемлекеттік тілге деген құрметті және әлем тілдерін үйренуге деген қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған білім беру сайыстары, зияткерлік ойындар, шығармашылық жобалар, сөзжұмбақтар мен тақырыптық іс-шаралар өтетін кезең болмақ. Достық, білім және өзара түсіністік тілі балаларымыздың жүрегін әрдайым біріктіре берсін!